Меню KDT
МЕНЮ

Мектеп жаңалықтары

Астана қаласы «№ 45 орта мектеп» ММ 2018-19 оқу жылына арналған «Қазақстан –мейірімділік мекені» атты республикалық балалар бастамасын қолдау

Астана қаласы «№ 45 орта мектеп» ММ 2018-19 оқу жылына арналған «Қазақстан –мейірімділік мекені» атты республикалық балалар бастамасын қолдау жұмысының анықтамасы

         Астана қаласы №45 орта мектеп ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2019ж 8 қаңтардағы №6-15-6/38-И хаты негізінде «Қазақстан – мейірімділік мекені» атты  бастамаға қолдау көрсетіп, тірлі іс – шараларды жүргізе бастады.

         Ақпан айында (хат 5 –ақпанда келгендіктен) жұмысшы топ құрылып(әлеуметтік педагог, директор орынбасары, мектеп психологы, тәлімгер), жоспар жасалынды. «Жақсы істер тізімі» жасалынды. Бұл тізімге көмекке мұқтаж адамдар  және оларға көрсетілетін көмектер түрі қарастырылды. Әр сынып өздеріне 1-2 адамнан бөліп алды. Богдан Екатеринаға зейнеткер, жалғыз тұратын адам. Қарын тазалауға 9-10 сынып ұлдар жіберілді. Батура Олегке көмек ұйымдастырылды. Баланың әкесі ауру, анасы жұмыссыз. Сабаққа келіп кетуіне ақшасы болмай қиналып жүрген екен.  9 Б сынып жетекшісі Т.Г. Чибисова баланың жол-көлік картасына жеткілікті түрде ақшасы болуын, баланың тоқ жүруін өз жауапкершілігіне алды. Сыныптастары да, ата- аналары да көмектерін аямады. Осы уақытқа шейін жол-көлік картасына ақша салынып, азық-түлікпен қамтамасыз етті.

         Көмекке мұқтаж отбасыларға да азық-түлік, киім- кешектен жәрдем жасалынды.

         Мектеп дәлізінде жақсы істерге арналған көрмелер мамыр айына шейін жасақталады. «Үй жануарларына мейірімді болайық» айдарымен фото-сурет көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар "Құстарға қамқор болайық" тақырыбында жемсауыттар көрмесі жасалды. Жақсы  жұмыстар мектеп ауласына орналастырылды.    

 

           Мектеп директоры м.а.                Нургалиева С.И.















Просмотров: 162

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь