Меню KDT
МЕНЮ

Мектеп жаңалықтары

Астана қаласы «№ 45 орта мектеп» ММ Білім басқармасының жолдаған 13.03.2019ж №165 бұйрығына сай «25 пайдалы іс» республикалық акция аясында өткізілген «Әкелер слеты»

Астана қаласы «№ 45 орта мектеп» ММ Білім басқармасының жолдаған 13.03.2019ж №165 бұйрығына сай «25 пайдалы іс» республикалық акция аясында өткізілген «Әкелер слеты» анықтамасы

 

Астана қаласы «№ 45 орта мектеп» ММ 2018-19 оқу жылында Білім басқармасының жолдаған 13.03.2019ж №165 бұйрығына сай «25 пайдалы іс» республикалық акция аясында өткізілген «Әкелер слетын» өткізді.

Арнайы топ құрылып, жұмыс жоспары жасалды.  Мектеп тәрбиесіне әкелерді тарту мақсатында ұйымдастырылған шара мектеп дәлізінде, оқу кабинеттерінде балалардың әкелермен түскен суреттерінен жасақталған көрмеден басталды. Мектеп психологы С.Л. Дорошенконың «Бала тәрбиесіндегі әкенің ролі туралы» баяндамасынан кейін бастауыш сынып мұғалімдері Есіркепова Ф. Н мен Гльцман Ю.П. жасаған «Жағдаятты шешейік» сұрақ- жауап турнирінде әкелер өте белсенділік танытты. Бір сұрақтың шешімін табуда бірнеше әке өз пікірлерін айтып, бірнеше нұсқасын көрсетті. Біз үшін әр әкенің пікірі құнды екенін ескере отырып, жас әкелерге де бала тәрбиесі үшін қажетті мәліметтер бере алдық деп ойлаймын.  Асел Сапаровна өз жасаған слайд-презентациясында әкелелердің балаларымен мектеп өміріне араласу белсенділіктеріне тоқталып өтіп, 25 пайдалы кеңес ұсынды. Наурыз мерекесіне орай өткізіліп жатқан іс- шараға да белсене атсалысып, кей әке балаларға бата берсе, кей әке  дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі ұйымдастырған «Ұлттық ойындар» сайысына қатысты.

 

Директор м.а.          Нургалиева С.И.







Просмотров: 116

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь