Меню KDT
МЕНЮ

Мектеп жаңалықтары

Нұр-Сұлтан қаласы «№ 45 орта мектеп» ММ Отбасы күніне арналған «Отбасы – бақыт мекені» атты мерекелік күн есебі

Нұр-Сұлтан қаласы «№ 45 орта мектеп» ММ Отбасы күніне арналған «Отбасы – бақыт мекені» атты мерекелік күн есебі.

         Нұр-Сұлтан қаласы № 45 орта мектебінде 2019ж 15 мамыр күні Халықаралық отбасы күніне арналған ашық есік күні өтті. Барлық сабақтарға ата- аналар қатысып, көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап алды. Әсіресе, жаңартылғанбілім бағдарламасына қатысты көп нәрсе біліп кетті.

Мектеп дәлізінде «Отбасы – бақыт мекені» атты суреттер топтамасы ілініп, ата- аналар мен оқушылар назарына ұсынылды.

Психолог, әлеуметтік педагог кабинеттері ашық болып, ата- аналармен кеңес өткізді.

Дене шынықтыру пәні мұғалімі Н.А. Жидешовтың ұйымдастыруымен мектеп спорт залында «Спорттық марафон өтті».  Спорттық жарсытан соң сағат 13.00-де мектеп мәжіліс залында ата- аналарға арналған концер көрсетілді.

         Ата- аналар сұрауы бойынша концерттен соң жалпы мектептік ата- аналар жиналысы өтті. Жиналыста оқу- тәрбие жұмысының қорытындысы,  Мектеп бюджетінің игерілуі, ыстық тамақпен қамтамасыз етілу жұмыстары,  Қамқоршылык кеңес жұмысын есебі мен мектеп түлектеріне арналған кеш туралы айтылды. Жиналыс соңында бейне ролик көрсетіліп, бала өміріне қауіпсіздік шаралары туралы талқыланды. Ғаламтор шырмауына қорғауы мен қатар бала құқығы да үлкен мәселе болып қарастырылды.










Просмотров: 98

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь