Меню KDT
МЕНЮ

Мектеп жаңалықтары

Нұр- Сұлтан қаласы «№ 45 орта мектеп» КММ- де «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Бала тәрбиесі» тақырыбында ата- аналардың қатысуымен жүргізілген өткен кездесу анықтамасы

Нұр- Сұлтан қаласы «№ 45 орта мектеп» КММ- де  13.11.209ж «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Бала тәрбиесі» тақырыбында «Отбасы хрестоматиясы» кітаптар сериясы авторларының бірі, сарапшы, психолог Сейілбек Мырзабаймен кездесу өтті. Кездесуге 48 ата- ана және мектеп ұжымы қатысты. Кездесу барысында Сейілбек Мырзабай бала дүниеге келгеннен бастап 3 жасқа шейінгі уақытта табиғатпен танысу керегін, нейрон, жүйке талшықтарының дамуы, оның жеткіншек қабілетінің дамуына әсері туралы айта келіп, баланың өсу кезеңі, жеке тұлға ретінде адам баласының жақсы қалыптасуындағы  ата- ана ролі мен танытар ықпалы туралы түрлі мысалдар келтіре отырып әңгімеледі. Кездесу өте жақсы әсерде өтті.








Просмотров: 45

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь