Меню KDT
МЕНЮ

Астана қаласы әкімдігінің    

2015 жылғы «28» 09

107-1679 қаулысына

3-қосымша

 

 

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім
беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық
бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды
қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламенті

 

1. Жалпы ережелер

 1. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Астана қаласының бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Осы «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Орта білім беру саласында жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығымен бекітілген «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде әзірленген.

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны – электрондық/қағаз түрінде.
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесі – бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына тіркеу не болмаса мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады.

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл
тәртібін сипаттау

 

  1. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар жиынтығы бар өтініші мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (әрекеттерді) бастау үшін негіздеме болып табылады. 
  2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

1-әрекет – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің жауапты қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын Стандарттың
9-тармағында қарастырылған тізбеге сәйкес қабылдауы, қарауы – 1 (бір) жұмыс күн ішінде.

1-әрекет бойынша мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (әрекеттің) нәтижесі – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің жауапты қызметкерінің  құжаттарды қарауы болып табылады;

2-әрекет – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің жауапты қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушыға қажетті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беруі – 1 (бір) жұмыс күн ішінде.

2-әрекет бойынша мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (әрекеттің) нәтижесі – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің жауапты қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушыға қажетті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беруі болып табылады;

3-әрекет – көрсетілетін қызметті беруші басшысының өтінішті қарауы және ұсынылған құжаттарды тексеруі – 1 (бір) жұмыс күн ішінде.

3-әрекет бойынша мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (әрекеттің) нәтижесі – білім беру ұйымы басшысының құжаттарды жұмысқа қабылдағаннан кейін олардың толықтығын және келіп түскен құжаттар мен мәліметтердің растығын тексеруі болып табылады;

4-әрекет – көрсетілетін қызметті беруші басшысының білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрықты рәсімдеуі және қол қоюы – 1 (бір) жұмыс күн ішінде.

4-әрекет бойынша мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (әрекеттің) нәтижесі – білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрыққа қол қоюы не болмаса қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады;

5-әрекет – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің жауапты қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушыға білім беру ұйымына қабылдау туралы нәтижесін беруі не болмаса қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап – 1 (бір) жұмыс күн ішінде.

5-әрекет бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша рәсімнің (әрекеттің) нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру болып табылады.

Көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастапмемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1)       көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы – 5 (бес) жұмыс күні ішінде.

2)       «электрондық үкіметтің»: www.edu.gov.kz порталы арқылы (бұдан әрі – портал) өтініш жасаған жағдайда білім беру ұйымына қабылдау туралы хабарлама алу үшін – 5 (бес) жұмыс күні ішінде.

 

 

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлемшілер
(қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара
іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің жауапты қызметкері;

2) білім беру ұйымының басшысы.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипатамасы Регламентке қосымшаға сәйкес бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

 

 

4. Халыққа қызмет көрсету орталықтарымен және (немесе) өзге де
көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ
мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді
пайдалану тәртібін сипаттау

 

  1. көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының өтініш беру тәртібі мен рәсімдерінің (әрекеттің) реттілігін сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркеледі, электрондық цифрлы қолмен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық өтінішті және Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды жібереді;

2) көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранымның қабылданғаны туралы есеп-хабарлама жіберіледі;

3) көрсетілетін қызметті алушының электрондық өтініші мен құжаттары қабылданғаннан кейін мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі (қызметкері) әрекетінің тәртібі Регламенттің 5-тармағына сәйкес жүзеге асырылады;

4) көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанында білім беру ұйымына қабылдау туралы хабарлама түседі.

введите текст